«EURASIAN BOOK FAIR — 2022» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз! - АО «Астана — Теплотранзит»

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Оқитын Қазақстан – оқитын ұлт» жобасы аясында «Фолиант» баспасы «Eurasian Book Fair2022» Еуразиялық Халықаралық кітап көрме – жәрмеңкесін ұйымдастырады. Осы жылы аталған көрме-жәрмеңке 2022 жылғы 20-24 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 53/2 мекенжайындағы «ЕХРО» халықаралық көрме орталығының алаңында бесінші рет өткізілетін болады. Толық ақпарат https://www.eurasbook.com/route.html сайтында.

Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;
  • халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
  • рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;
  • оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару және тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;
  • әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
  • баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту.
Contact Us

We're not around right now. But you can send us an email and we'll get back to you, asap.

Not readable? Change text. captcha txt

Start typing and press Enter to search