ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ - АО «Астана — Теплотранзит»

Қазақ поэзиясының жаңа буын өкілі, жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Астана-Теплотранзит» АҚ екінші ауданның реттеу қызметінің инженері  Байыс Айдынның тағылымы мол, жыр сүйер қауымды қуантқан «Құланиек» атты жыр жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітаптың шығуына, тұсаукесер кешінің өтуіне мұрындық болып, қолдау көрсеткен – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ.

Жыр жинаққа жас ақынның махаббат, табиғат, өмір жайлы толғаныс-тебіреністерге, сыршыл сезім мен сағынышқа толы өлеңдері, балладалары, аудармалары енген.

«Астана-Теплотранзит» АҚ ұжымы Байыс Айдынға шығармашылық табыс тілейді. Кітабыңыз өз оқырмандарын таба берсін, оқырмандарыңыз көбейе берсін. Алдағы уақытта да сезімге толы сырлы, тәлімге толы құнды жырларыңызбен халқыңызды қуанта беріңіз!

Contact Us

We're not around right now. But you can send us an email and we'll get back to you, asap.

Not readable? Change text. captcha txt

Start typing and press Enter to search